АҚШ дипломаттары мен әскерилері Түркияның оңтүстік аймақтарынан көшіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ дипломаттары мен әскерилері Түркияның оңтүстік аймақтарынан көшіріледі

30.03.2016
АҚШ дипломаттары мен әскерилері Түркияның оңтүстік аймақтарынан көшіріледі
Пентагон америкалық әскерилер мен дипломаттардың отбасыларын Түркияның оңтүстік аймақтарынан әкетуге бұйрық берді.

Олар Адана, Измир және Мугла провинцияларынан басқа жерге көшуге міндетті. Бұл - қауіпсіздік қамымен уақытша қолға алынып отырған шара. Бұдан бөлек, таяуда Мемлекеттік департамент америкалық туристерді бұл елге барудан бас тартуға шақырды. Мамандардың пікірінше, олар терроршылардың нысанына айналуы мүмкін.

Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу