«Кеплер» 1284 жаңа планетаны тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Кеплер» 1284 жаңа планетаны тапты

11.05.2016
«Кеплер» 1284  жаңа планетаны тапты
Олардың 9-ы тіршілік етуге қолайлы болуы мүмкін.

Америкалық ғалымдар «Кеплер» телескобының көмегімен біздің галактикадан 1284 жаңа экзоғаламшарды тапты. Олардың 9-ы тіршілік етуге қолайлы болуы мүмкін. НАСА мамандары осылай деп мәлімдеді.

Олар ғарыш кеңістігінде Күнге ұқсас жұлдыз жанында тағы бір Жер табылуы мүмкін деген үмітте. Бұған дейін «Кеплердің» көмегімен Құс жолында жүздеген жұлдыз айналасында мыңнан астам экзопланета анықталған еді. Ал, өмір сүруге қолайлы жағдайлары бар ғаламшарлардың саны 21-ге жетіп отыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу