Солтүстік Корея орта қашықтықтағы екі бірдей баллистикалық зымыран ұшырды. Жергілікті уақытпен таңғы сағат 6-да жіберілген бірінші «Мусудан» ракетасы, көп ұзамай ауада жарылып кеткен. Ал, екінші зымыран - 400 шақырым қашықтықты ұшып өткеннен кейін бірнеше бөлікке бөлінді. Пхеньянның 3 мың шақырым қашықтықтағы нысандарға дәлдеп тиетін «Мусудандарды» ұшыруын Оңтүстік Корея және АҚШ әскерилері растап отыр. Солтүстік Кореяда осындай 30-дан астам зымыран бар екені белгілі. Пхеньянның баллистикалық ракеталарды аттандыруына орай, Жапонияның қарулы күштері әскери дайындыққа көшіп, елге бағыт алған әуедегі кез-келген нысанды атып түсіруге бұйрық алды.
А.ТӨЛЕГЕН