Иракта «Даиш» ұйымына қарсы алдағы әскери операциялар кезінде 2 млн адам босқынға айналуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иракта «Даиш» ұйымына қарсы алдағы әскери операциялар кезінде 2 млн адам босқынға айналуы мүмкін

24.06.2016
Иракта «Даиш» ұйымына қарсы алдағы әскери операциялар кезінде 2 млн адам босқынға айналуы мүмкін

Гуманитарлық жағдай армия осы қарулы топ бақылауындағы Мосулға шабуылды бастағаннан кейін нашарлай түспек. Әскери жанжал  кезінде қаладан жүздеген мың адам қашады деген болжам бар. Мұны БҰҰ-ның Бағдаттағы миссиясы ескертті.   Қазір Мосулды «Даиш» ұйымы өзінің Ирактағы астанасы деп есептейді.

Үкімет қауіпсіздік күштері 2014 жылы бұл алып шаһарды радикалдық топқа еш қарсылықсыз берді.

Қазір армия Фаллуджа қаласын қайтару операциясын аяқтап жатыр. Бірнеше аптаға созылған қарулы қақтығыстан бұл қалада ондаған мың адам үйлерін тастап кетті.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу