Жаңа Панама каналын алғашқы кеме жүзіп өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа Панама каналын алғашқы кеме жүзіп өтті

27.06.2016
Жаңа Панама каналын алғашқы кеме жүзіп өтті

Қытайдың контейнер тасушы кемесі кеңейтіліп, қайта ашылған жаңа Панама каналын кесіп өткен алғашқы кеме атанды, деп жазады Би-би-си.

Кемені каналдың Атлант мұхиты жақ бөлігіндегі қос жағалауында мыңдаған адам қарсы алды.

77 км болатын жаңа арнаның құрылысы 2007 жылы басталған және 2014 жылы аяқталуы тиіс болған.

Алайда бұл жобаны қаржыландыруға қатысты туындаған шерулер оның аяқталу мерзімін кешеуілдетіп жіберді. Жоба құны - 5,2 млрд. доллар.

Айта кетейік алғашқы Панама каналы 1914 жылы ашылған болатын. 

 

Хабарламаларға жазылу