Жамбыл облысында еліміздегі ең ірі химия өнеркәсіп кешені бой көтеруде. Бұл 2012 жылы Елбасының Жарлығымен тағайындалған химия өндірісі бойынша еркін эконмикалық аймағын құру туралы тапсырмасы болатын.
Қазір Шу ауданы аймағынан 505 гектар жер бөлініп, құрылыс қарқынды жүруде.
Жоба бойынша экономикалық аймақта ірі 16 өндіріс орны болады. Мұнда негізінен сода және хлор, хлорлы фосфор және глифосат секілді өнімдер өндіріледі.
Арнайы экономикалық аймақ құрылған кезеңде 2,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Жоба 2020 жылға қарай толық жүзеге асады.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ