Иракта әуе соққысынан 60-тан астам адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иракта әуе соққысынан 60-тан астам адам қаза тапты

08.12.2016
Ирактың Сириямен шекаралас Әл-Каим қаласында авиациялық соққыдан 60-тан астам бейбіт тұрғын қаза тапты. Құрбандардың 19-ы - бала, 12-і - әйел.
Куәгерлердің сөзінше, әуе шабуылынан «ДАИШ» тобы штаб ретінде пайдаланып келген мешітке, өзге де ғимараттар мен тұрғын үйлерге зақым келді. Әзірге трагедияға кімдердің жауапты екені белгісіз.



Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу