Бүгін Түркияда бомба қойылған жеңіл машина автобусты соғып, жойқын жарылыстан 13 жауынгер қаза тапты. Ал, жараланғандардың саны 55-ке жетті. Құрбандар мен зардап шеккендердің ішінде қазақстандықтар жоқ. Қанды оқиға елдің орталығындағы Кайсери қаласында болды. Шабуылды әзірге ешқандай ұйым өз мойнына алған жоқ.
Арыстан РЫСБЕК
Арыстан РЫСБЕК