Ирак қауіпсіздік күштері Мосулда «ДАИШ»-қа қарсы әскери операцияның екінші фазасына кірісті. Қазір соғыс қаланың шығысында жүріп жатыр. Мұндай операция өткен айда снайперлер мен жанкешті-террористердің шабуылдарынан тығырыққа тірелген-ді. Ал, осыдан екі апта бұрын Мосулдың оңтүстігіне де мыңдаған жауынгер жіберілді. Олар да қазір радикалдық топқа соққы беріп жатыр.
Арыстан РЫСБЕК