Ол америкалықтарды демократияны қорғауға шақырып, АҚШ бостандығына басты қауіп ретінде нәсілшілдік пен экономикалық тұрақсыздықты атады. Чикагода 20 мың халықтың алдында сөз сөйлеген Обама қатты толқығаннан көзіне жас та алды. Ол әйелі Мишель Обамаға алғысын айтып, онымен тек өзі ғана емес, бүкіл елдің мақтанатынын жеткізді.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ