Істің көзін таба білгенге несібе айыратын кәсіп көп. Жамбыл облысында тұратын Ергеш Нұралиев көпшілік оншалықты қыр-сырына қанық емес жаңа бір істі қолға алып, қаз өсіре бастады.
Ресейден әкелінген асыл тұқымды үш мың балапан қазір есейіп, әжептәуір қоңданып қалды. 4 гектар жерге құс фабрикасын тұрғызған еңбекқор азамат келер жылдан бастап қаздың еті мен мамығын өзімізден бөлек шетелге де экспорттамақ ниетте.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ