Түркияда тұтқындалған өзбекстандық түнгі клубқа шабуыл жасағанын мойындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда тұтқындалған өзбекстандық түнгі клубқа шабуыл жасағанын мойындады

17.01.2017
Түркияда тұтқындалған өзбекстандық Жаңа жыл мерекесінде Стамбулда түнгі клубқа шабуыл жасағанын мойындады. Мұны осы қаланың губернаторы Васип Шахин бүгін мәлімдеді. Оның сөзінше, күдікті Әбдулқадыр Машарипов – Өзбекстан азаматы. Ол Ауғанстанда дайындықтан өткен. Ал, Түркияға 2016 жылы қаңтарда заңсыз барған. Машариповпен бірге Ирак азаматы және үш әйел тұтқындалды.


Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу