Италияда 1 сағаттың ішінде үш рет жер сілкінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда 1 сағаттың ішінде үш рет жер сілкінді

18.01.2017
5,3 және 5,7 баллдық дүмпулер ошағы Аматриче қаласынан 7 шақырым қашықтықта, 10 шақырым тереңдікте анықталған. Осы қалашықта былтыр тамызда болған зілзаладан 300-ден астам адам қаза тапқан еді. Ал, бүгінгі жер сілкінісінен жапа шеккендер туралы ақпарат әзірге жоқ.

Дүмпу ел астанасы Римде де сезіліп, ғимараттар қатты теңселген.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу