Гамбияға Сенегал мемлекеті әскерін кіргізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гамбияға Сенегал мемлекеті әскерін кіргізді

20.01.2017
Гамбияда президент Яхья Джамме қызметтен кетуден бас тартқандықтан, елге көрші Сенегал мемлекеті әскер кіргізді. Сенегалдың мұндай шешімін Біріккен Ұлттар Ұйымы да қолдап отыр. Гамбияға Сенегалмен қатар, Нигерия да өз армиясын жібермек.

Ал, Гамбияны 1994 жылдан бері басқарып келген Джамме желтоқсанда өткен президенттік сайлауда жеңіліс тапқан еді. Дегенмен, ол өзінің саяси додада артта қалғанын мойындамай, президенттік посттан кетпей отыр. Осы әрекеті арқылы Джамме Батыс Африка елдерінің наразылығына ілікті. Осыған қарамастан, Гамбияның жаңа сайланған басшысы Адам Бэрроу Сенегалда ант қабылдады.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу