Түркия парламентінде әйел депутаттардың арасында төбелес шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия парламентінде әйел депутаттардың арасында төбелес шықты

20.01.2017
Нәзік жанды заң шығарушылардың жанжалдасуына конституциялық өзгерістерге қатысты пікірталас себеп болған. Алдымен, Айлин Назлака есімді тәуелсіз депутат Реджеп Тайып Ердоғанның президенттік өкілеттілігін кеңейтуге қарсылық ретінде трибунаға қолына кісен тағып шығады. Ал,«Әділет пен даму партиясының» мүшелері оның бұл әрекетін тоқтатпақ болғанда, күрд партиясы өкілдері Айлинның жағына шығады. Нәтижесінде, заң шығарушылардың арасында кәдімгі төбелес басталып, одан екі депутат жараланған.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу