Израиль парламенті Батыс жағалаудағы 4 мыңдай үйді заңдастыратын даулы құжат қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль парламенті Батыс жағалаудағы 4 мыңдай үйді заңдастыратын даулы құжат қабылдады

07.02.2017
Израиль парламенті Иордан өзенінің батыс жағалауындағы қоныстарда салынған 4 мыңдай үйді заңдастыратын даулы құжат қабылдады. Заң жобасын Кнессет депутаттарының 60-ы құптаған. Бұл жерлер бұрын-соңды палестиналықтардың иелігінде болып келді. Ал, Израиль парламенті қабылдаған заңға сай, оларға өтемақы төленеді немесе өзге жер телімі беріледі. Елдің бас прокуроры құжатты конституцияға қайшы деп, оны Жоғарғы сотта қолдамайтынын айтты.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу