Румынияда жемқорлыққа қарсы күрес бойынша референдум өтпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Румынияда жемқорлыққа қарсы күрес бойынша референдум өтпек

14.02.2017
Румыния парламенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар бойынша референдум өткізуді бірауыздан құптады. Плебисцитті өткізу бастамасы республика президенті Клаусс Йоханниске тиесілі. Мемлекет басшысының ұсынысына сай, румындықтар коррупциямен күресте өз ерік-жігерін білдіруі тиіс. Референдум өткізу туралы шешім елде екі апта бойы тыйылмай жатқан шерулер кезінде қабылданып жатыр.


Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу