НАТО-ға мүше мемлекеттер қорғанысқа бөлінетін шығындарын ұлғайтпаса, Вашингтон әскери одақтағы рөлін шектеуі мүмкін. Пентагонның жаңа басшысы Джеймс Мэттис солтүстік атлантикалық альянс елдері қорғаныс министрлерінің кездесуінде осылай деп мәлімдеді. Бұған қоса, Мэттис еуропалық серіктестерін АҚШ өз алдындағы міндетін толықтай атқаратынына сендірді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ