Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев өз жұбайын вице-президент етіп тағайындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев өз жұбайын вице-президент етіп тағайындады

21.02.2017
Әзірбайжанның бірінші ханымы Мехрибан Әлиева елдің бірінші вице-президенті болып тағайындалды. Бұл туралы жарлыққа оның күйеуі әрі президент Ильхам Әлиев қол қойған.

Әзірбайжанда бірінші вице-президент және екі вице-президент лауазымдары былтырғы конституциялық өзгерістерге сай пайда болды. Ал, Мемлекет басшысы өз қызметін атқара алмаса, оның өкілеттілігі бірінші вице-президентке көшеді.


Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу