Торғай даласынан мұнай мен газ кен орындары іздестірілетін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Торғай даласынан мұнай мен газ кен орындары іздестірілетін болды

07.10.2014
Торғай даласынан мұнай мен газ кен орындары іздестірілетін болды

Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» Торғайдан газ бен мұнай шоғырларын іздеу туралы келісімге қол қойды.

Арнайы құрылған компания осы жобаға 40 миллион доллар көлемінде қаражат құймақшы. Егер көзделіп отырған жерде газ бен мұнай кендері табылып жатса, оны өндіру үшін 100 миллион доллардан көп инвестиция тартылады.

Қазақстанның жерасты байлығын ескерсек, Торғайға Еуропа, Америка мен Қытайдан да инвесторлар келуі мүмкін.

Мәліметтер бойынша, елімізде геологиялық барлау саласына 2015-2019 жылдарға 65,4 миллион доллар бөлу жоспарланып отыр.

Саламат ОМАШ

 

Хабарламаларға жазылу