АҚШ-та қорғанысқа бөлінетін қаржы 9 пайызға артпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та қорғанысқа бөлінетін қаржы 9 пайызға артпақ

28.02.2017
АҚШ Президенті Дональд Трамп ел бюджетін өзгерту туралы ұсыныс жасады. Ақ үй басшысының жоспарынша, келесі жылы қорғанысқа бөлінетін қаржыны тағы 54 млрд. долларға ұлғайту қарастырылған. Бұл сома биылғы жылмен салыстырғанда 9 пайызға көп.

Онсыз да, АҚШ қорғанысқа жылына қомақты 600 млрд. доллар жұмсайды екен. Ал, өзге мемлекеттерге көмек және экология тәрізді бағыттарға жұмсалатын қаржы көлемі қысқартылады.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу