Түркияда мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақшы болды деген айыппен ұсталған 330 адамның соты басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақшы болды деген айыппен ұсталған 330 адамның соты басталды

01.03.2017
Мұны жергілікті «Анадолы» агенттігі хабарлап отыр. Тұтқындалғандардың ішінде екі генерал бар. Оларға конституциялық жүйені бұзды, адам өлтірді және террористік ұйымға мүше болды деген айыптар тағылған.

Сот 1500 адам сиятын Анкарадағы үлкен отырыс залында өтіп жатыр. Күдіктілердің бәріне өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.


Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу