Оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан 1 әйел қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан 1 әйел қаза тапты

24.03.2017

Украинаның Харковь облысында оқ-дәрі қоймасындағы өрттен 1 әйел қаза тапты. Мұны елдің төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттің қызметі бүгін хабарлады.  Оның мәліметіне жүгінсек, тағы бір әйел жараланған.

Балаклея қаласындағы оқ-дәрі қоймасы наурыздың 23-не қараған түні өртене бастаған. Содан кейін онда жойқын жарылыс болды. 138 мың тонна оқ-дәрі сақталған қойма әлі жанып жатыр. Оны сөндіруге бір апта уақыт кетуі мүмкін.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу