Мысырдың бұрынғы басшысы Хосни Мүбарак түрмеден шықты. 6 жыл бойы қамауда отырған экс-президенттің босатылғанын бүгін адвокаты мәлімдеді.
Соңғы 5 жылда Мүбарак денсаулығының нашарлауына байланысты Каирдегі әскери госпитальде жатқан. Ол сотқа тікұшақпен жеткізіліп отырды.
Естеріңізге сала кетсек, Хосни Мүбарак 2011 жылы шерушілерді өлтірді деп айыпталды.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ