Мұражайдан салмағы 100 келі монета ұрланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұражайдан салмағы 100 келі монета ұрланды

28.03.2017

Берлиндегі Боде мұражайынан құны 4 миллион доллар тұратын монета ұрланды. Салмағы 100 келі тиын 24 карат саф алтыннан жасалған. Онда  II Елизавета патшайымның суреті бейнеленген.

Бұған қоса, канадалық монета «үлкен үйеңкі жапырағы» деп аталады. Оны ұрылар жергілікті уақытпен сағат таңғы 3 жарымда қолды еткен. Әзірге, олардың күзет жүйесін алдап, ауыр тиынды қалай музейден шығарып әкеткені белгісіз.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу