Шымкентте жергілікті тауар өндірушілерге қолдау көрсету мақсатында арнайы көрме ұйымдастырылды. Сатып алушылар ретінде мемлекеттік және білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.
Мемлекеттік сатып алу конкурсын ұйымдастырушылар көрмеден азық-түлік пен киім-кешек, басқа да тұтыну тауарларын тамашалады. Соңынан кәсіпкерлік палатасының ұйымдастыруымен тауар өндірушілердің форумы өтті. Онда тараптар өзара пікір алмасты.
Айнұр АҚБАЕВА