Мәскеу қаласындағы теміржол апатынан ондаған адам жапа шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеу қаласындағы теміржол апатынан ондаған адам жапа шекті

10.04.2017

Сенбіден жексенбіге қараған түні Мәскеу қаласында Брестке бара жатқан халықаралық пойыз бен электр пойызы соқтығысып, 50-ден аса адам жарақаттанды. Олардың 13-і ауруханада жатыр. Зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Тергеушілердің айтуынша, апатқа жаяу жүргінші кінәлі. Себебі, қатты келе жатқан электр пойызының машинисі теміржолды кесіп өткен адамды көріп, шұғыл түрде тежегішті басқан. Соның кесірінен вагондар тоқтаған соң бірден кері жылжып кетіп, Белорусияға бара жатқан пойызға соғылған.

 

Оқиға орнында 40-тан аса құтқарушылар мен 14 техника жұмыс істеді. Қазір аталмыш бағыттағы теміржол қатынасы толықтай қалпына келді.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу