Американың Флорида штатында орман өртінен 9 үй жанып кетті. 2 мыңдай тұрғын қауіпсіз жерлерге көшірілді. Тілсіз жау 2200 гектар жерді шарпыған. Жергілікті биліктің хабарлауынша, оттың тұтануының негізгі себебі – аймақтағы құрғақшылық. Дегенмен, адами фактор да болуы мүмкін деген болжам да бар.
Жалпы, АҚШ-тың орталық және оңтүстік-батыс бөлігіне биыл жауын аз жауды, ауа температурасы болса жоғары. Соның салдарынан, осы штаттың Полк округінде де орман өрті 300 гектарға жайлаған. Аймақта төтенше жағдай режимі жарияланды.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ