Ирактың Мосулында радикалдардан азат етілген 400 мектептің 320-ы қайта ашылды. Алайда, қаланың шығысында оқушылардың 10 пайызы әлі сабаққа бара алмай отыр.
Бұған қоса, аймақтан халықтың көбі босып кеткендіктен, бүлдіршіндердің білім алуға мүмкіндігі жоқ. Білім ордасының тапшылығынан ғана емес, кейбір оқушылар отбасын асырау үшін жұмыс істеп жүр. Сондықтан, мектепке бармайды. Олардың дені көкөніс сатып, көлік жөндеп, нәпақа табады. Жалпы, Иракта жыл басынан бері 350 мың бала қайтадан қолына кітап пен қалам алыпты.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ