Қашағанның құбырлары ауыстырылады. Бұл әлемдегі ең қымбат кен орындарының бірі. Каспий теңізінің астындағы жарылған құбырды ауыстыру үшін 3 миллиард 600 миллион доллар керек екен.
Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады. Теңіздің астына төселетін құбырлар арнайы тапсырыспен жасалып жатыр. Қашағанда бұрғылау жұмыстары былтыр күзде тоқтаған еді. Жоспар ойдағыдай орындалса, мұнай өндіру 2016 жылдың аяғына қарай қайта жанданады.
Саламат ОМАШ