Дональд Трамп Федералдық тергеу бюросының басшысы Джеймс Комиді қызметінен алып тастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дональд Трамп Федералдық тергеу бюросының басшысы Джеймс Комиді қызметінен алып тастады

10.05.2017

АҚШ президенті Дональд Трамп елдің Федералдық тергеу бюросының басшысы Джеймс Комиді қызметінен алып тастады. Ақ Үйдің мәлімдеуінше, Трамп мұндай шешімді прокурор Джефф Сешнс пен оның орынбасарының ұсыныстарына сай қабылдаған. Трамп Комиге жазған хатында оның федералдық бюроны тиімді басқара алмайтынын атап өткен. АҚШ президенті мен Әділет министрлігінің мәлімдеуінше, Джеймс Коми Хиллари Клинтонның жеке поштасын жұмыс мақсатында пайдаланғаны туралы дауды, дұрыс тергемегені үшін қуылған. Дегенмен, демократтардың пікірінше, Комиді кетіру арқылы Трамп командасының Ресеймен арадағы байланысына қатысты тергеуді тоқтату көзделіп отыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу