Өткен жексенбідегі сайлауда қарсыласынан басым түскен Эммануэль Макрон араға апта салып, дәл бүгін ресми түрде Францияның Прзиденті қызметіне кірісті. Макронның саясатқа араласқанына санаулы ғана жылдар өтті. Аз уақыт болса да, ол небәрі 39 жасында президенттік таққа келді. Сайлауда Макронды халықтың 66 пайызы қолдаған. Ал қарсыласы Марин Ле Пенге сайлаушылардың 33,94 пайыз дауыс берді.
Францияда осымен 11 рет өткен сайлауда халықтың 25 пайызы ешбір кандидатты таңдамай, шашамен 3 миллион бюллетенді бос күйінде жәшіктерге салған. Бұл бұрын-соңды тіркелмеген факт. Ал сарапшылардың пікірінше, Макронның жеңіске жетуінің үш сыры бар.
Бірінші – оның басты қарсыласы Франсуа Фийон жемқорлыққа байланысы бар деп беделінен айырылуы. Яғни, Макронның жолы болды. Екінші - Макрон сайлауалды үгіт-насихатына саясаттан хабары жоқ активистерді көбірек тартып, 25 мың адаммен кездесу өткізген. Үшіншіден, ол Марин Ле Пен сияқты Еуродақтан шығамыз деп байбалам салмады.