Мұны бүгін Түркия Ішкі істер министрлігі хабарлады. Тізімде «Халық демократиясы» партиясының екі депутаты бар. Олардың барлығы өткен жылғы төңкеріс әрекеттеріне қатысы бар деп айыпталған. Ресми мәліметтерге қарағанда, аталған азаматтар 3 ай ішінде елге оралып, ресми органдарға тіркелмесе, Түркия азаматтығынан біржола айырылады.
Айта кетейік, Анкара былтырғы әскери төңкеріс әрекеттері үшін Америкада тұрып жатқан Фетхуллах Гүленді айыптап келеді. Ал Гүлен өзіне тағылған кінәні мойындамайды.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ