Осылайша, 83 жастағы Акихито алдағы 3 жыл ішінде кез келген уақытта тақтан кетуі мүмкін. Содан кейін билік императордың үлкен ұлы Нарухито ханзадаға беріледі. Премьер-министр Синдзо Абэнің сөзінше, бұл Жапония тарихында маңызды шешім болды. Ал, бұқаралақ ақпарат құралдарының хабарлауынша, император алдағы жылдың желтоқсанында тақтан кетуі мүмкін.
Айта кетейік, Акихито императорға билік 1989 жылы әкесінен қалған еді. Соңғы жылдары оның денсаулығы сыр беріп, жүрегіне ота жасалды.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ