Тереза Мэй тағы да үкімет басшысы болып сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тереза Мэй тағы да үкімет басшысы болып сайланды

09.06.2017

Ұлыбритания Премьер-министрі тағы да үкімет басшысы болып сайланды. Елде өткен мерзімінен бұрын сайлауда Мэйге Беркшир графтығында 37 мың адам дауыс берген. Осылайша, Премьер-министр мен Консервативті партия басшысы жеңіске жетті. Тереза Мэйдің сөзінше, бүгінде корольдікке тұрақтылық қажет. Сондай-ақ, үкімет палатасында консервативті партиядан қаржы министрі, сыртқы істер министрі және қаржы министрі билік етпек.  

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу