«Павлодарлифт» ЖШС Кеден одағына мүше елдермен интеграциялық байланысты нығайтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Павлодарлифт» ЖШС Кеден одағына мүше елдермен интеграциялық байланысты нығайтады

10.10.2014
«Павлодарлифт» ЖШС Кеден одағына мүше елдермен интеграциялық байланысты нығайтады

Павлодарда қолданыстағы лифттардың 50 пайызы тозған. Олар бірте-бірте ауыстырылып жатыр. Бұл ретте Ресей және Беларусь мемлекеттеріндегі өнім шығаратын кәсіпорындар көп көмек көрсетуде.

Яғни, Еуразиялық экономикалық одаққа енген елдер арасындағы өзара ынтымақтастықтың нәтижесі бұл. Мәселен, «Павлодарлифт» ЖШС негізінде қолма-қол есеп айырыспай-ақ, құны 100 миллион теңгенің тауарын Қазақстанға әкеліп жатыр. Лифттерді құрастырып, іске қосқан соң барып Могилев және Шербинск зауыттарына төлемақы жіберіледі. Интеграциялық үдерістер арқасында отандық кәсіпорынның экономикалық жағдайы жақсарып келеді.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу