Венесуэла астанасы Каракаста шеру кезінде 27 адам жараланды. Сонымен қатар, 17 жасар жасөспірім қаза тапқан. Өткен тәулікте қала көшелеріне он мыңдай адам шықты. Оларды тарату үшін қауіпсіздік күштері су шашатын машиналар мен көзден жас ағызатын газ қолданған. Демонстранттар болса, тас атып, отты шөлмек лақтырып, қарсылық көрсетті.
Арыстан РЫСБЕК