АҚШ штаттарына «Синди» дауылы соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ штаттарына «Синди» дауылы соққы берді

23.06.2017

АҚШ-тың оңтүстік-шығыс штаттарына тропикалық «Синди» дауылы соққы берді. Күшті жел мен тасқын 17 миллион тұрғынға қауіп төндіріп тұр. Табиғи апаттан Алабамада 4 адам жараланған. Ал, мұнай өндірісі 16 пайызға қысқарды. Сонымен бірге, жолдарды су басқан. Луизиананы су тасқыны жайлап, штатта төтенше жағдай жарияланды. Дауылдарды бақылау орталығының мәліметінше, бүгін Теннеси және Арканзас штаттарында да күшті жел мен тасқын болуы ықтимал.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу