Пәкістанда Айт мерекесінде қауіпсіздік шаралары мейлінше күшейтілді. Сондықтан, мұсылмандар мешіттерге кірерде полицияның тексеруінен өтуі тиіс. Сақтық шараларының күшейтілуіне соңғы күндері шабуылдардың жиілеп кетуі себепші.
Мәселен, маусымның 23-де Парачинар қаласының базарында жарылған бомбадан 50-ге жуық адам мерт болды. Ал, кеше мұнай таситын апатқа ұшырап, 150-ден астам кісі қаза тапты. Сонымен қатар, солтүстік-батыстағы бір ауылда 6 бала бомбаға тап болып, жан тәсілім етті.
Арыстан РЫСБЕК