Бұған маусымның 17-де қабылданған шетелдік жұмысшыларды басқару туралы жарлық себеп. Оған сай, құжатсыз мигрантты жұмысқа алған әрбір жұмыс беруші 23 жарым мың доллар айыппұл төлеуге міндеттеледі. Таиландқа нәпақа табу үшін көршілес Мьянма мен Камбоджа азаматтары көптеп барады. Кейбір компаниялар оларды заңдастырудың орнына жұмыстан шығарып жатыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ