Мемлекет лидері Ким Ченнің мәлімдеуінше, бұл сынақтың сәтті аяқталуы елдің стратегиялық қару жасау жолындағы мүмкіндіктерін тиісті деңгейге жеткізді. Сондай-ақ, ресми мәліметке қарағанда, континенттен континентке ұшатын ракета атомдық және сутегі бомбасын тасымалдауға арналған. Вашингтон болса, Пхеньянға қарсы әлемдік шара қолдануға шақырды. Бірақ, Солтүстік Корея басшылығының ескертуінше, егер Құрама Штаттар дұшпандық саясатын доғармайтын болса, ол өзінің ядролық бағдарламасынан ешқашан бас тартпайды.
Арыстан РЫСБЕК