Франция баламалы энергияға көшуді тездетіп жатыр. Мысалы, 2025 жылға таман бұл мемлекет 17 ядролық реакторын жаппақ. Сондықтан, атомдық энергияның үлесі 75 пайыздан 50 пайызға қысқарады. Бұған қоса, Францияда 2040 жылға таман жанармай және дизельмен жүретін автокөліктер саудасына тыйым салынады. Ал, алдағы бес жылда көмірден электр қуатын өндіру тоқтатылмақ. Бұл шаралар ғаламдық экологияның жақсаруына септігін тигізуі керек.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ