Естеріңізге сала кетсек, бұл қала үшін шайқас 9 айға жуық созылды. Алып шаһардың «ДАИШ»-тан азат етілгені жөніндегі хабар дүйсенбі күні түсті. Дегенмен, экстремистік топ Мосулдың оңтүстігі мен батысындағы аудандарды әлі бақылап, ондаған мың адамға билік жүргізіп отыр.
Мосулдың үкімет қарамағына қайтарылуы Ирактың барлық аумағында мерекеленіп жатыр.
Мосул операциясы былтыр қазан айында басталып, оған үкімет әскері мен күрдтердің пешмерга жасақтары және шиит содырлары қатысты. Оларға әуеден АҚШ бастаған коалиция ұшақтары көмектесті.
Арыстан РЫСБЕК