Бүгін Брюссельде Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуына қатысты келіссөздердің алғашқы раунды басталды. Тараптар ажырасу процесінің мән-жайын толықтай қарастырмақ. Келіссөздер шамамен 20 айға созылуы мүмкін.
Қазір Еуропалық одақ лидерлері «Брекситтің» құрлық елдеріне әкелетін экономикалық және әлеуметтік зардабына мейлінше жол бермеуге тырысып отыр.
Айта кетсек, британдықтардың көпшілігі былтыр маусымда өткен референдумда осы одақтан бөлінуге дауыс бергені белгілі.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ