Жолдар, көпірлер, туннельдер мен метро станциялары және көліктер су астында қалған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, үздіксіз жауын жауып, найзағай екі сағатта 6700 мәрте жарқылдаған екен. Күшті жел мен нөсерге орай Босфор бұғазы арқылы мұнай мен астық тасымалы бірнеше сағатқа тоқтатылды. Соңғы мәліметке қарағанда, Стамбулда таңертеңнен бері әр шаршы метрге 65 келі жауын-шашын түскен. Ал, қала әкімшілігі тұрғындарға жаңбырдың ертеңге дейін жалғасатынын және мүмкіндігінше жолға шықпау қажеттігін ескертті.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ