Әлемнің бірнеше елінен әшекей бұйымдарды ұрлаумен аты шыққан 86 жастағы әжей тағы ұсталды. Дорис Пейн Джорджия штатындағы Уолмарт дүкенінен құны 80 долларлық тауарды жасырын алып кетпек болған.
Айта кетсек, 2013 жылы танымал ұрлықшы туралы «Дорис Пейннің өмірі мен қылмыстары» туралы деректі фильм түсірілген екен. Сол жылы кейуана гауһартаспен көмкерілген 22 мың 500 долларлық жүзікті жымқырғаны үшін тұтқындалды. Ал, сот қағаздарына Дорис әжей өз мамандығын «әшекей ұрлаушы» деп жазып қояды екен.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ