Соңғы жылдары Үкімет қолдауының арқасында өңірлерде түрлі өндіріс орындары іске қосылып жатыр. Тұралап қалған зауыттардың тынысы қайта ашылды.
Солардың бірі, екі жыл бұрын Семейде жұмысын жандандырған бетон зауыты. Шетелдік жаңа технология арқылы өнім шығаруға ұмтылған кәсіпорын, ескі әдістен арылып, қазір жоғары сапалы бетон дайындауға көшкен.
Ержан Жақып