Дубайда бір аптаның ішінде осымен үшінші ғимарат өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дубайда бір аптаның ішінде осымен үшінші ғимарат өртенді

07.08.2017

Бүгін мұнда «Мовенпик» деген қонақ үйдің бір қабатынан өрт шығып, меймандар мен қонақ үй қызметкерлері далаға қашқан. Дегенмен, мамандар отты дереу сөндіріп, адамдар ішке қайта кірді. Зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, жұма күні Дубайда 86 қабатты ғимарат өртеніп, жүздеген адам көшірілді. Ал, жексенбіде сол мұнараның маңында тағы бір нысанды от шалды. Абырой болғанда, екеуінде де ешкім жараланған жоқ.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу