Бұл оқиға Лэнд О’Лейкс қаласының шетінде болған. Мұнда жер шілденің 14-де айрылып, бірнеше сағаттың ішінде терең орға айналады. Содан кейін, екі үйді бірден жер жұтты. Ал, өткен аптаның соңында үкімет тағы бес баспананы құлату туралы шешім шығарды. Өйткені, олар да күйреуге шақ қалған.
Айта кетсек, Флориданың осы бір ауданында жер қабаттары үгітілетін әк тастан қалыптасқан. Сондықтан, бұл аймақта жерасты үңгірлері мен қауіпті шұңқырлар өте көп.
Арыстан РЫСБЕК