Сауд Арабиясының Ауамия қаласында шиит мұсылмандардың қарулы тобына қарсы операция жүргізілді. Соның салдарынан ондаған ғимарат қирады. Мұнда соңғы бір аптада 9 бейбіт адам қаза тауып, 20 мыңдайы үйлерін тастап, жақын маңдағы ауылдарға қашқан.
Қауіпсіздік күштері полицейлерге бірнеше жылдан бері шабуыл жасап жүрген топқа қарсы рейдті үш ай бұрын бастады. Сол операциядан кейін зақымданған нысандарды корольдік үкіметі журналистерге көрсетті.
Арыстан РЫСБЕК